«Қарқаралының марқасқасы — Мәди» атты портрет кеші

Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ халқының біртуар перзенті,
ақыны, композитор, әділдік пен еркіндіктің символына айналған тарихи тұлға Мәди Бәпиұлының туғанына
145 жыл толуына орай «Қарқаралының марқасқасы — Мәди» атты портрет кеші өткізілді.

Іс‐шараға Баянауыл ауданының экономика және нақты сектор бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Кештің негізгі мақсаты — ұлттық рухтың жарқын көрінісі болған Мәди тұлғасын жастарға таныту,
тарихи сананы жаңғырту. Сондай‐ақ, кеш барысында Мәди Бәпиұлының өмір жолы мен шығармашылығына,
күрескерлік болмысына мазмұнды баяндама жасалды. Ақынның сөзіне жазылған өлеңдер оқылды. Кітап
көрмесі ұйымдастырылып, ондағы әдебиеттерге қысқаша шолу жасалды. Кітапханашы мен қатысушылар
арасында еркін пікір алмасу және тарихи деректерді талқылау өтті.