Ақсан ауыл кітапханасында Қазақ жазушысы Әнуар Әлімжановтың туғанына
95 жыл толуына орай «Әдебиет әлемінің абызы» атты әдеби сағаты өткізілді.
Шараға Д.Рахметов атындағы ЖОББ мектебінің жазғы сауықтыру лагерінің балалары қатысты.
Мақсаты: Қазақ жазушысы Әнуар Әлімжановтың әдеби мұрасын оқырмандарға кеңінен насихаттау.
Шара барысында Ә.Әлімжанов — қазақтан шыққан тұңғыш халықаралық тілші. Дүниежүзінің 32
елін аралап, жүздеген мақалалары ағылшын, француз, неміс, хинди, жапон, қытай тілдеріне
аударылған, әлемдік, азаматтық мәні зор қызмет атқарғаны туралы айтылды.