«Жыр сұңқары Жұмекен» атты әдеби‐сазды кеш

Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел — Бір кітап»
республикалық акциясы аясында «Жыр сұңқары Жұмекен» атты әдеби‐сазды кеш өткізілді.

Шараға Баянауыл ауданы Жұмыспен қамту бөлімі және әлеуметтік қызмет көрсету
бөлімінің оқырмандары қатысты. Әдеби‐сазды кеште ақынның өміржолы мен
шығармашылығы туралы мәліметтер айтылып, Жұмекен поэзиясынан әсерлі жыр
жолдары оқылды. Қатысушылар Жұмекен Нәжімеденовтың шығармашылығымен тереңірек
танысып, оның поэзиясы мен музыкалық мұрасына зор қызығушылық білдірді.