«Қазағымның домбырасы күй тартса…»

Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында Ұлттық Домбыра күніне орай «Қазағымның домбырасы
күй тартса…» атты мәдениет үйінін ұжымдық қатысуымен сұхбат кеші ұйымдастырылды.
Шара барысында домбыраның шығу тарихы мен маңызы жайлы қысқаша мағлұмат берілді.
Қатысушылар домбырамен күй орындап, күй өнерінің ерекшелігі,
белгілі күйшілер туралы әңгіме өрбіді.