«Жастық жалынды жырлар» атты әдеби жыр кеші

Торайғыр ауыл кітапханасында «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Жастық жалынды жырлар» атты кітап көрмесі безендіріліп,
жас оқырмандардың қатысуымен әдеби жыр кеші өткізілді. Шара барысында оқырмандарға қазақтың біртуар ақын‐жазушыларының
өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, өлеңге, сөз өнеріне баулу, қазақ әдебиетін теңірек тану, әдеби тілінің қасиетті
екенін ұғындыру. Жыр әлеміне көз салсақ қазақ халқының арман мұраты, шаттығы мен қайғысы ең алдымен ақын жүрегінде
жиналған, ақын өлеңдеріне арқау болған.