«Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты әдеби  поэзия сағаты

«Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты әдеби  поэзия сағаты

Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлы ақыны , қара сөздің қас шебері , философ, қазақ әдебиетінің іргетасын қалаған алғашқы классигі Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған  «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты әдеби  поэзия сағаты өткізілді. Шараның мақсаты: Абай мұрасын насихаттау, оқырмандардыңелжандылық сезімін ояту.

Шараға мәдениет үйінің қызметкерлері және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Кітапханашылар «Абай дана, Абай дара қазақта» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, библиографиялық шолу жасады. Кемеңгер ақынның «Көзімнің қарасы»  атты әні шара қатысушыларының орындауында тыңдалды.Шара қатысушылары Абай өлеңдерін оқыды. Мәдениет үйінің қызметкері Жакупова  Самалдың орындауында  Абайдың «Өзгеге көңілім толарсың» әнімен аяқталды.