Баянауыл ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің даму жолы

Баянауылда кітапханалық қызмет көрсету 1930 жылдарда басталды. Мұрағаттық деректерге қарағанда 1935 жылы Баянауылда 3300 дана кітап қоры бар кітапхана жұмыс жасаған.

Орталық аудандақ кітапхана 1950 жылы ашылған. 1980 жылы аудан және ауыл кітапханалары жаңадан құрылған орталықтандырылған кітапхана жүйесіне біріктірілді. ОКЖ құрамына 45 кітапхана-филиал кірді.

2004 жылы кітапхана жүйесі жеке заңды тұлға ретінде тіркелді.

Ауданымызда кітапхана саласының дамуына өзіндік үлес қосқан, Н.Қ. Қазкенова, З.И. Елубаева, В.Ф. Яско, Г.Т. Назарбаева, Қ. Шолақова, Қ.Ә.Балдаеваларды атап өтуге болады. Осы салада 30 жылдан аса Г.Баймақанова, Ш.Бакишева, Ш.Темірбекова, Н.Маслюковалар қызмет еткен.

Қызықты анықтама!

1926 жылдан – мектеп колхозшы жастар мектебі (ШКМ) болып аталынды. Мектепті революцияға дейін, талапты жастар бітіріп шыққан. Пәндерді ой-өрісі кең ұстаздар жүргізді. Бүгінгі күнге дейін ұстаз А.И.Жарковтың есімі жетті. Ұзақ жылдар мектеп директоры болып жұмыс істеді, орыс әдебиетінен сабақ берді. Соғыс уақытында Ленинград блокадасының мұғалімдері сабақ берді. Математика пәнінің мұғалімі, Поволжье репрессиясының жазаланушысы, Е.Г.Юдинаны жұмысқа алу туралы бұйрық сақталған.

Мектепте оқыған танымал адамдар:

Жазушы, ақын, драматург Ж.Аймауытов, академиктер Ә.Марғұлан, Ш.Шөкин, тарих ғылымның докторы Е.Бекмаханұлы, жазушы Қ.Исабаев, милиция генерал-майоры Дүйсенбин Қ. Ғ.

Осы мекемеде 1966-1995 жылдары мектеп-интернаты болған.
1995-2015 – жатақхана, кәсіптік лицейдін оқу-өндірістік кабинеті. 2019 – аудандық кітапхана. 2022 жылдан бастап кітапхана К. Исабаевтың атында.












Баянауыл ауданының ОКЖ бүгінгі күні

Бүгінгі күні Баянауыл ауданының ОКЖ-сі КММ құрамына 22 кітапхана, оның ішінде 1 аудандық кітапхана.

ОКЖ-нің кітап қоры – 123292 дана, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиет – 90685 дана.

ОКЖ бойынша 27 әуесқой бірлестік жұмыс істейді, оның ішінде 22 клуб, 9 үйірме

ОКЖ-нің кітапханаларында 17001 оқырман, соның ішінде 10256 виртуалды қолданушылар.

Оқушылар мен студенттерге арналған жалпы тарих, Қазақстан тарихы, экономика, психология, философия, заң ғылымдары т.б. салалар бойынша оқу құралы баршылық.
2006 жылдың наурыз айынан бастап электронды каталог жүргізіледі.

Кітапхана қорын насихаттау мақсатында әдебиеттерді ұсыну тізімі, библиографиялық көрсеткіштер әзірленеді. Кітапхана ұжымы мол тәжірибелі.

Баянауыл ОКЖ инновациялық технологияларды пайдалану, ақпараттық-библиографиялық процесстерді компьютерлендіру 2006 жылдан басталды, РАБИС бағдарламасы орнатылды.

Қазіргі уақытта аудандық ОКЖ компьютерлермен, SmartTV, сканермен, көпфункционалды құрылғылармен, факс, видео проектормен қоса, LED-экранмен жабдықталған.

Алты ауылдық кітапханада байланыс орталықтары ашылды (Бірлік, Сәтбаев, Майкайың, Мұса Шорман, Торайғыр, Мәшһүр Жүсіп). Ең қолайлы кеңістікте оларда жұмысқа қажеттінің бәрі бар – ыңғайлы жұмсақ жиһаз, мультимедиялық жабдық: ПК/ноутбук, проектор, Smart TV, тегін интернет және Wi-Fi. Жұмыс және демалыс үшін жайлы аймақтар, іс-шаралар, көрме алаңдары, балалар алаңдары.

2008-2024 жылдар аралығында электронды деректер базасы – кітаптар: 10218, мақалалар: 36538. Толық мәтінді деректер базасы – 734 кітап, 4294 мақала.

Баянауыл ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі (ОКЖ)

Баянауыл ауданының ОКЖ-не аудандық кітапхана және 21 ауыл кітапханалары кіреді:

Ақсаң ауылдық округі

Ақсаң ауыл кітапханасы

Қаражар ауыл кітапханасы

Бірлік ауылдық округі

Бірлік ауыл кітапханасы

Жаңажол ауылдық округі

– Мәшһүр Жүсіп ауыл кітапханасы

Жаңатілек ауылдық округі

Жаңатілек ауыл кітапханасы

Қаратомар ауылдық округі

– Қаратомар ауыл кітапханасы

Күркелі ауылдық округі

Ж.Шанин ауыл кітапханасы

Шоманкөл ауыл кітапханасы

Жарылғап ауыл кітапханасы

Кызылтау ауылдық округі

Ж.Аймаутов ауыл кітапханасы

Лекер ауыл кітапханасы

Кұндыкөл ауылдық округі

– Кұндыкөл ауыл кітапханасы

Егіндібұлақ ауыл кітапханасы

Майқайың кенті

Майқайың кітапханасы

Үшқұлын ауыл кітапханасы

Майкөбе ауыл кітапханасы

Сәтбаев ауылдық округі

Сәтбаев ауыл кітапханасы

– Мұса Шорман ауыл кітапханасы

Торайғыр ауылдық округі

Торайғыр ауыл кітапханасы

Ұзынбұлақ ауылдық округі

Ұзынбұлақ ауыл кітапханасы

– Ақши ауыл кітапханасы