«Адамды адам еткен кітап, адамзатты кітапхана

                  

«Адамды адам еткен кітап, адамзатты кітапхана» деп айтылғандай, кітап оқу адам өмірінің білімге, тәлім-тәрбиеге, кемел ұрпақ өсіруіне шексіз пайдалы қазына!Баянауыл аудандық кітапхана 2019 жылды қорытындылай отырып, жыл оқырмандарын анықтады. Шараның мақсаты, оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Ауданымыздың төңірегіндегі ауыл-аймақтардағы тұрақты оқырмандар тізімі іріктеліп, 27 адам суырылып шықты. Оларды «Үздік оқырман» атты мадақтамамен марапаттап, сыйлықтар және кітаптар сыйға тартылды.Кітапханашыларға, еңбектері еленген оқырмандар алғыстарын айтып, қарияларымыз ақ батасын берді!