«Ұлы Абай мұрасы» – әдеби-танымдық сағаты

          

Сәтбаев ауылының мектеп және ауыл кітапханашыларымен ұстаздарыдын ұйымдастыруымен қазақтың Ұлы ақыны, ойшылы, қара сөздің хас шебері, философ, қазақ әдебиетінің іргетасын қалаған алғашқы классигі Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы Абай мұрасы» атты әдеби-танымдық сағат өткізілді. Мақсаты – кейінгі ұрпақтардың бойында Абайдың туындыларына деген қызығушылық пен құрметті арттыру, біздің мақтанышымыз екендігін дәріптеп, Абай Құнанбаевтың шығармашылығы мен өнегелі өмірімен таныстыру, сонымен қатар өскелең ұрпаққа Абай туындыларының мәнін жеткізу, оқушыларды отан сүйгіштікке тәрбиелеу, туған еліне және жеріне деген махаббатын ояту.