«Алтын қақпа» викториналық ойыны

21 наурыздан бастап аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен онлайн «Алтын қақпа» викториналық ойыны өткізілді. Ойын өткізілуі үшін инстаграм желісінен @altun.kakpa аккаунты ашылып, әр тақырыптардағы рубрикаларға 4 сұрақтан берілді.Рубрикалар А.Құнанбаевтың 175 жылдығына, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына, рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, Тарихи ескерткіштер т.б тақырыптарда болды. Сұрақтар әдеби шығармадан үзінділер, дәйексөздер, ұлы адамдар өмірінен, фильмнен үзінділер және видео сұрақтар оқырмандарға ұсынылды. Әр сұраққа 90 минут уақыт берілді. Барлығы 116 сұрақ жарияланып, 196 жазылушы тіркелді.