Абадулин Камиль Салихұлы

Абадулин Камиль Салихұлы,  1918 жылы туған, Павлодар қ. тумасы.

Әскери мамандығы. Атқыш.

Атағы. Сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1938 жылдың 1 қарашасында шақырылған. Ұлы Отан соғысына 26-шы атқыштар полкі құрамында атқыштар бөлімшесінің командирі ретінде қатысқан. 1945 жылы 10 маусымда жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысының Баянауыл ауданы Баянауыл ауылында тұрған.