Ахметов Мүкіш Ахметұлы

1913 ылы 5 мамырында туған, Павлодар обылысы Баянауыл ауданының тумасы; 1999 жылдың қазанында қайтыс болған, Павлодар облысы Екібастұз қ.

Әскери білімі. 2-ші Түркістан әскери пулеметтік училищесі (1944).

Атағы. Кіші лейтенант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың наурызында шақырылған. 1-ші Украин майданының 373-ші атқыштар дивизиясы 1239-шы атқыштар полкі құрамында танкіге қарсы зеңбірек взводының командирі ретінде соғысқан. 1945 жылы жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Каганович аудандық атқарушы комитеті төрағасының өнеркәсіптік мәселелері жөнінде орынбасары, Павлодар облысы Каганович, Үрлітүп аудандық тұтынушылар одақтарының дайындау кеңселері директоры, Павлодар аймағын жұмыспен қамтамасыз ету бөлімі өндірісінің меңгерушісі, Павлодар қалалық тұрғын үй басқармасы басшысы, шаруашылық меңгерушісі, қоймашы, монтадық топ меңгерушісі, Ертус геологиялық барлау партиясының материалдық-техникалық базасы (Павлодар облысы Баянауыл ауданы) басшысы «Иртышуглестрой» тресінің жұмыспен қамтамасыз ету бөлімі дүкенінің (Павлодар облысы Баянауыл ауданы Екібастұзкөмір кенті) меңгерушісі, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Екібастұзкөмір кентінің КСРО  Мемлекеттік банкі бөлімінің аға инкассаторы, Екібастұз ТЭС (Павлодар облысы) қамсыздандыру басшысы болып істеген.

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны I степени, Красной звезды; медальдар: «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг»,«Еңбек ардагері»,мерейтойлық медальдар. «Двацать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «Тридцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок  лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалі; белгі: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне».