Ахметов Шайхы

1926 жылы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, қазіргі Теңдік ауылында дүниеге келген. 1944 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысында атқыштар полкінде болған. 1950 жылға дейін әскер қатарында командирлік құрамда әскери міндетін өтеген. Соғыстан кейін 1950

Жылы елге оралып, әр түрлі қызметтер атқарған. Шайхы Ахметов Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін «Берлинді жеңгені үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Ерлігі үшін» медальдарымен және «Қеңес әскеріне және флотына 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған. Жауынгер Шайхы Ахметов небәрі 37 жасында 1963 жылы қайтыс болды.