Әужанов Отай

1924 жылы Баянауыл ауданының Торайғыр ауылында туған. 1941 жылы елдегі азаматтармен бірге Отанын қорғауға аттанды. Неміс басқыншыларымен болған қантөгісті шайқастарда бірнеше рет жарақат алған. Жапониямен болған соғысқа да қатысқан.  Шайқастардағы көрсеткен ерлігі үшін «II дәрежелі  Ұлы Отан соғысы» орденімен,  «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны женгені үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20, 30, 40 жыл», «КСРО Қарулы күштеріне 60 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған. 1949 жылы туған еліне оралған соң еңбекке белсенді араласқан. Бірлік және Торайғыр ауылдарында шопан болып көп жыл еңбек етті. Жұбайымен 9 бала тәрбиелеп өсірді. 1994 жылы дүниеден озды.