Жүсіпов Мәжит Молдауәлиұлы

1919 жылдың 18 желтоқсанында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Әскери білімі. Пенза артиллериялық минометтік училещесі (1943).

Атағы.  Лейтенант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1939 жылдың қыркүйегінде (қазанында) шақырылған. Ұлы Отан соғысына № 1555 әскери бөлімі көлік ротасының старшинасы; 69-шы артиллериялық полк құрамында взвод командирінің көмекшісі, зеңбірек командирі; Бас қолбасшылық Резервіндегі 2-ші гвардиялық артиллериялық бұзып өту дивизиясының 33-ші  миномет бригадасы 14-ші миномет полкі құрамында (Батыс, Солтүстік-Батыс, Оңтүстік, 3-ші Белорус, 4-ші Украин майдандары) батарея командирі, батарея басқармасы взводының командирі ретінде қатысқан. Украина аумағындағы шайқастарға, Шығыс Пруссияны азат етуге қатысқан. 1945 жылдың маусымында ауыруына байланысты әскерден қайтарылды.

Еңбек жолы. Қазақ КСР Мемлекеттік бақылау Министірлігінің (азаматтар шағымдарын қарастыру) бөлімінде меңгеруші, «Главводхоз» жайылым-мелиоративтік құрылыс тресінің өндірістік бөлімінде (Алматы қ.) аға инспектор, Қазақ КСР су шаруашылығы Министірлігінде аға инженер, Қазақ КСР ғылым Академиясының Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер, Павлодар облыстық су шаруашылығы басқармасында басшы болып істеген.

Марапаттары. Ордендар Отечественной войны I степени (екеу), Красной Звезды; медальдар: «За отвагу», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За трудовую доблесть».