Зікіров Қазел Көбекұлы

1920 жылы Баянауыл ауданының Тендік ауылында туған. 1939 жылы Кеңес үкіметі әскері қатарына шақырылып, 1946 жылға дейін Мәскеу әскери округінде әскери қызметте болады. Туған еліне оралған соң көршілес бұрынғы (Алексеевка) қазіргі Құндыкөл ауылында дүкенші болып істейді. Одан кейінгі жылдары Тендік ауылында есепші және өмірінің соңына дейін жем азық сақтайтын қойма меңгерушісі қызметтерін атқарады. 1978 жылы соғыс кезіндегі алған жарақаттар зардабынан 58 жасында қайтыс болды.

Марапаттары. «За оборону Москвы», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медальдары; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерейтойлық медальдары; «Маршала Советского Союза Жукова Г.К.».