Зәкіров Рахымтай

1906 Баянауыл ауданының Қызылтау ауданында туған. Әскери шені: қатардағы жауынгер. 1941 жылы сұрапыл соғыс басталғанда Целиноград қаласында әскери даярлықтан өтіп Ұлы Отан соғысына аттанған. 1942-1943 жылы Воронеж түбіндегі ұрыстарда болады. Одан кейінгі жылдары Балтық маңы жанында қираған шаруашылықты қалпына келтіруге қатысады. Майданда көрсеткен қайсарлығы үшін «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және өзге де медальдармен марапатталған. Бейбіт жылдары туған ауылының өркендеуі үшін адал еңбек етіп, маңдай терін төкті.