«Домбыра – асыл мұра»

Ұлттық домбыра  күні 2018 жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен бекітілді.

Қазақстанда ең көне музыкалық аспап мерекесі шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі.

Баянауыл орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінде айтулы мерекеге орай «Домбыра – асыл мұра» атты тарихи медиа саяхат өтті. Шараға Д. Рахметов атындағы ЖОББМ «Балдәурен» сауықтыру лагерінің  оқушылары қатысты. Шара барысында балалар домбыраның  құрылысымен танысып, домбыра жайлы мағлұмат алып, аңыздарын тыңдады.

Іс-шараның мақсаты – оқырмандарды қазақтың ұлттық аспабы – домбырамен, оның тарихымен, дизайны мен түрлерімен таныстыру, қазақ халқының рухани құндылықтарына деген сүйіспеншілікке баулу.

 

Instagram

Facebook