Түсіпов Болпак

1914 жылдың шілдесінде туған. Павлодар уезінің Баянауыл болысының № 11 ауылының тумасы.

Әскери мамандығы. Артиллерист.

Атағы. Қатардағы жауынгер.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың 17 қантарында шақырылған. Ұлы Отан соғысына 118-ші атқыштар дивизиясының 117-ші гвардиялық артиллерия полкі құрамында  зеңбірек номері ретінде қатысқан. 1944 жылы ауруына байланысты әскерден қайтарылды.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Екібастұз ауданының «Екібастұз» кеңшарында  тракторшы, комбайншы, жүргізуші болып еңбек еткен.

Марапаттары. «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Ветеран труда», «За освоение целинных земель» медальдары; «Двадцать лет победы  в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»,  «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.» мерейтойлық медальдары.