Беқтұров Әбікен Бектұрұлы (1901-1985)

Әбікен Бектұров 25.12.1901 ж. Баянауылда дүниеге келген – 22.12.1985 ж. Алматы қаласында қайтыс болған. Химик, техника ғылымдарының докторы (1945), профессор (1946), Қазақ КСР ҒА-ның академигі (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген қайраткері (1945).

Омбы ауыл шаруашылық институтын (1931), Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1935) бітірген. 1935-1960 жылдары ҚазМУ-де кафедра меңгерушісі және химия факультетінің алғашқы деканы болды. 1946-1968 жылдары Қазақ КСР ҒА-ның Химия ғылымдары институтының директоры, 1968-1985 жылдары сол институттың бейорганикалық химия бөлімін басқарды. Қазақ КСР ҒА-ның Минералдық қор бөлімінің академик – хатшысы болды. Негізгі ғылыми еңбектері минералды тыңайтқыштар өндіру мен минерал тұздарды өңдеудің химиясы мен технологиясына арналған. Ол фосфатты шикізаттарды өңдеудің қышқылдық, термиялық және фторсызданған мал азықтық фосфат өндірудің циклондық әдістерін тауып, өндіріске енгізді. Қаратау фосфоритынан минералды тыңайтқыштар өндіру ісін жүйеге келтірді. 30 авторлық куәлік алған.

«Ленин», «Қазан Революциясы», «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен наградталған. 1991 жылдан Қазақстан Химия ғылымдары институты Ә.Бектұровтың есімімен аталады. 2003 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің алдындағы аланда қоладан бюст – ескерткіші орнатылды.

 

Әдебиеттер:

 

Әбікен Бектұров // Артықбаев Ж. Баянауыл. – Астана, 2009. – 89 б.

Бектұров Әбікен Бектұрұлы // Баянаула перзенттері. – 2-кітап. – 2008. – 1 К. – 29 б.

Бектұров Әбікен // Ертістің Павлодар өңірі : энциклопедия. – Алматы, 2013. – 241 б.

Бектұров Әбікен // Қазақ ССР: Қысқаша энциклопедия. – 4т. – І988. – Зт. – 131 – 132 б.

Бектұров Әбікен // Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – 10 т. – Алматы, 2004.-2 т. –261– 262 б.

Баянауылда туып, Қаратауды бағындырған // Тұңғыштар / құраст. Ш. Күмісбаев. – Алматы, 2007. – 172 – 173 б.

 

* * * * *

Арын Е., Нухұлы А. Ғалым болашаққа көз жіберіп, бүгінгісімен өмір сүреді // Сарыарқа самалы.  2002. – 24 желтоқсан. – 6 б.

Қоныр Т. Ғасырмен құрдас ғалым // Сарыарка самалы. – 2001. – желтоқсан

Теміров Қ. Көрнекті ғалым // Қызыл Ту. – 1971. – 26 декабря