Олжабай батыр Толыбайұлы (1709-1785)

1709 ж. Түркістанда дүниеге келген – 1783ж. Ерейментау, Олжабай ауылында жерленген.

Әкесі – Тәуке ханға қызмет істеген көп билердің бірі Толыбай, Анасы-Ұлы жүздегі Төле бидің туысы, Қаратай батырдың қызы Есенбике.1721 жылы әкесі Толыбай Түркістан үшін болған шайқаста қалмақтың қолынан қаза табады. Жетім қалған он екі жасар Олжабай Түркістанда тұра алмай, жоңғарға бағынып отырған нағашысы Қартайдың үйінде өседі. Он алты жасқа толысымен Олжабай батыр жоңғарға тістене қарайды.

«Жоқ, мен оларға бағынып отыра алмаймын, мен тау қыраны Олжабаймын»-деп, өзіне ат қояды. Ел шаруасы тәуір бола бастаған соң, қару-жарақ соқтырып, үш жүздің сарбаздарын жинай бастайды. Атақты ерлер Абылай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Дулат Өтеген батыр, Малайсары, Жанатай, Жасыбай, Көкжал Барақ, Төле би, Қазбек би, Бұхар жырауларға қосылып, қол жинап, Түркістанды   басып отырған жоңғарларды шабады.Дұшпандардын Сыр бойындағы қалалардан қуып шығып, Жоңғар тауынан асырады. Олжабай батыр  жеңілген Қаладан Сереннің екі сұлу қызын-Лағба мен Лабаны алып, көп сый-сияпатпен еліне қайтады. Лабаны өзі жар қылып, Лағбаны Бөгенбай батырға қосады. «Ақтабан шұбырынды» жылдарында өксіген ел жаңадан ес жинап, бір тыныс алады. Алыптың ерлік істерін халық ерекше бағалап, Олжабайға   арнап ұлы той жасайды. Оған Абылай, Әбілмәмбет төрелер, Қаз дауысты Қазыбек би, Бұхар жырау қатысады.Олжабай батырды «Он сан Орта жүзге ұран болған ер Олжабай» -деп атайды.Олжекең төсек тартып жатып : «Мен өмір бойы жаудың өзін өлтірмей,жараламай, киімінен, сауытынан түйреп түсіруші едім, содан-ау жау қолынан өлмей, жамандарша үйде өлгенім» деп айқаста өлмегеніне өкінген екен.Абылай  өлгеннен кейін екі жылдан соң Олжекең өзінің туған жері Түркістанға көшуді ұйғарған, бірақ батырдың көші Ерейменнен әрі ұзай алмады,1783 жылдың салқын күзінде Олжабай 74 жасында дүниеден қайтты.Қабірі Ереймен тауының сыртында.Олжекең жалпақ жауырынды, орта бойлы, басы шүйделі, қалқан құлақты, қалың қабақты айбарлы батыр бейнесінде сипатталады, кішіпейіл, сабырлы болған деседі.

 

Әдебиеттер:

Олжабай батыр Толыбайұлы // Баянаула перзенттері. 1- кітап.– Павлодар,2008.– 38- 39 б.

«Олжабай есен болса-ел аман» // Қазақ халықының қаһармандары, – Павлодар, 1991. – 55 – 57 б.

Ел мен жердің намысын қорғап қалған // Алдабергенов Қ.М., Арын Е.М.. – Бір туар дара тұлғалар. – Павлодар,2003. – 12 – 15 б.

Толыбайұлы Олжабай  (1709 – 1783) // Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғары. – Астана, 2001. – 163 – 164 б.

Ер Олжабай // Марғұлан Ә.Х. Шығармалары. Алматы, 2012. – Т.14

«Қымбат болды қазаққа қалмақтан қайта жер алмақ..» // Артықбаев Ж. Баянауыл. – Астана,2009. – 140 – 143 б.

«Орта жүз Олжабай батыр»// Қазақтың батырлық жырлары. – 27 б. + СDR

* * * * *

Шакеев М. Орда бұзған Олжабай // Баянтау. – 2004. – 14 мамыр. – 2 б. Жақсыбаев С. Үйлесті ұсынысты қолдайық // Сарыарқа самалы. – 2006. – 5 б.

Әбен Қ. Ел қорғаған Олжабай батыр // Сарыарқа самалы (папка №60)

Әбен Қ. Олжабай батыр // Сарыарқа самалы. – 2007. – №23, 32

Смайыл А. Олжабай батыр // Егемен қазақстан. – 2002. – №54

Қалиева Ж. Өткенге құрмет – ұрпақтар міндеті // Сарыарқа самалы. – 2005. – 7 маусым

Әбен Қ. Олжабай батыр // Сарыарқа самалы. – 2007. – № 23. – 5 б.; №32. – 5 б.