Шорман би Күшікұлы (1788-1837)

1788 ж. Баянауылда дүниеге келген- 1837ж. Қайтыс болған.

Атақты би, басшы,    мемлекет қайраткері. Қазақ даласына даңқы кең жайылған  қаржас Шорман би он үш жасынан билік айтқан. Екі елдің, рудың, атаның арасындағы   дау-жанжалға әділ төрелік айтып, бір екі ауыз  сөзбен қарсыластарды бітістірген. Ш.Уәлихановтың жазуынша, ақыл-айласымен атағы шыққан Шорман-«шешен» деген құрметті атаққа ие болған. Шешендігі арқасында 14 жаста бас би болып, үлкен даулы мәселеде, Уәли ханның алдында өз елінің адамдарын асқан беделмен қорғап қалады. Ел арасында Шорман бидің таланты мен дарындылығы, көрегендігі, шешендігі туралы көптеген аңыз-әңгіме кеңінен таралып, бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.Ол өзінің қысқа ғұмырында      күш жігері мен талантын халқының игілігіне жұмсаған.

1833 жылы 1 қарашадағы Батыс Сібір бас губернаторының жарлығымен капитан шеңіндегі Шорман Баянауыл оқругінің аға сұлтаны Шоң бидің орынбасары етіп тағайындалады. Шоң би дүние салған соң Шорман би аға сұлтан міндетін атқарады (1836-1937).Елдің қария әңгімесінде «Шорманның азан шақырып қойған аты Жұмабай екен» деп айтылады. Шорманның өмірі қысқа болған. Ол небәрі 49 жасында дүние салған. Жерленген жері сүйіндік-төртуыл елінің жаз жайлауында, қазіргі Ереймен тауының сырт жағында «Шорман» деп аталатын жерде.  Олжабай сөресінен 30 шақырым шамасында. Шорман жерленген жерде 20 шақырым жер шамасында Шоңның әкесі Едіге бидің зираты бар.

 

Әдебиеттер:

Шорман би // Алдабергенов Қ. Бір туар дара тұлғалар. – Павлодар, – 2003. – 19 – 21 б.

Шорман күшікұлы және Боштай Тұрсынбайұлы // Алпысбес М.Көне Көктау, байырғы Баянаула байтағының тарихы. – Астана, 2005. – 271 – 275 б.

Шорман би // Төреқұл Н. Даланың дара ділмарлары. – Алматы: Қазақстан. – 361 – 363 б.

Шорман би Күшіқұлы // Баянаула перзенттері. 1- кітап. – Павлодар,2008. – 46 б.