«Ертегілер еліне саяхат»

          

Құрметті Баянауылдықтар! Мемлекетімізде төтенше жағдай жарияланғандықтан, аудандық кітапхана да өз жұмысын онлайн түрде жалғастырады! Кітапхана , оқырмандарына зор денсаулық тілей отыра, тәртіпке бағынып, үйде отырып белсенділік танытуды сұрайды.
Кітапханашылар, оқырмандары үйде зерікпес үшін әртүрлі тақырыпта, жас ерекшеліктеріне қарай онлайн бағдарлама дайындауда. Соның алғашқысы, » Ертегілер еліне саяхат» атты, бүлдіршіндер мен 1-4 сынып оқушыларына арналған бағдарлама. (Инстапарақшада ата- ананың көмегімен)
Қатысу тәртібі:
1. Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер мен 1-4 сынып оқушылары қатыса алады.
2. Аудандық кітапхананың @bayanaulcbs.kz ресми парақшасына тіркелу керек.
3. Инстапарақшада көрсетілген ертегіні тауып, тақырыбын direct- жіберу керек.
4. Ертегі, парақшаға шығысымен жауап беру керек.
Сайыс 20-шы наурыздан, 20-шы сәуір аралығында өтеді!
21- ші сәуір күні жеңімпазды жариялап, сыйлығын табыстаймыз!!! Баршаңызға сәттілік!