1903 жылы Баянауылда дүниеге келген. Осы жерде 7 жылдық мектепте білім алып, Шығыс Қазақстан обылысында Зайсан қаласындағы педагогикалық училищеге оқуға түседі. Аталмыш оқу ордасын тәмамдағансон Қарағанды обылысының Корнеевка селосында көп жылдар бойы ұстаз болып қызмет атқарады. Кейіннен Баянауыл ауданының Аликсеевка селосындағы орыс тілінде оқытатын мектепте директор болып орналасады. Біраз жылдан соң Баянауыл ауданының оқу бөлімін басқаруға тағайындалады.
Ұстаздық қызметтен алшақ кетпей Жаңажол, Александровка ауылында мектеп директоры болып жұмыс істеп жүргенде сұм соғыс басталып кетеді. Майдан даласында сол Александровка ауылынан аттанады. 1943 жылы майданда қаза табады.