Арынов Дайырбек

1908 жылы туған, Павлодар облысының тумасы; 1994 жылдың 22 қыркүйегінде қайтыс болған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кенті.

Әскери мамандығы. Атқыш пулеметші.

Атағы. Қатардағы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың шілдесінде шақырылған. 308 атқыштар полкі құрамында соғысқан. Сталинграл, Воронеж бағыттарындағы, Курск доғасындағы шайқастарға қатысқан. 1944 жылдың 27 қаңтарында жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Бригадир, тұз артушы, күзетші (Баянауыл ауданы Майқайың кенті), «Павлодартұз» комбинатының жұмыспен қамсыздандыру бөлімі күзетшісі, Баянауыл аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының Шөптікөл кеніші (Павлодар облысы) жұмыскері болып істеген.

Марапттары. Орден:  Отечественной войны I степени, медальдар. «За победу над Германией в  Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»,«За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».мерейтойлық медальдар «Тридцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок  лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» .