1924 жылдың 21 қыркүйегінде туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1998 жылдың 8 тамызда қайтыс болған, Алматы қ.
Әскери білімі, мамандығы. Орта Азия әскери округінің қысқа мерзімді радиотелеграфтық курстары (Өзбек КСР, Ташкент қ. 1943), радиотелеграфист. Атағы. Ефрейтор.
Жауынгерлік жолы.ЖШҚА-ға 1942 жылы шақырылған. 27-ші армиялық ауыр зеңбіректік артиллерия бригадасының 1-ші батареясының құрамына аға радиотелеграфист ретінде (Воронеж, Далалық, 2-ші , 3-ші Украин майдандары) соғысқан. Курск доғасындағы шайқастарға, Молдавия, Украина, Австрия, Венгрия, Румыния, Чехославакия, Югославияны азат етуге қатысқан. 1947 жылдың 1 наурызында әскерден қайтарылған.
Жауынгерлік жолы. Панфилов педагогикалық училищесінде тарих пәнінің оқытушысы, оқу ісінің меңгерушісі (Талдықорған облысы), Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Ш.Ш.Уалиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, этнография бөлімінің меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері болып істеген.
Тарих ғылымдарының докторы, археология және этнография кафедрасы бойынша профессор.
Марапаттары. Орден: Отечественной войны II степени; медальдар. «За боевые заслуги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»;мерейтойлық медальдар. «Двацать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»,