Асайынов Мәжен

1910 жылы Баянауыл ауданында туған. 1942 жылы 12 наурыздан бастап Баянауыл аудандық әскери комиссариатымен әскер қатарына шақыртылып, соғысқа аттанды. Шайқастардың бірінде ауыр жарақат алып, әскери эвакуациондық госпиталде емделіп шыққан. Соғыстағы ерлігі үшін «Германияны жеңгені үшін» және өзге де медальдармен марапатталған. Ардагер 1964 дүниеден өтті.