Асанов Диар Әбілұлы

1917 жылдың 6 маусымында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1998 жылы қайтыс болған, Павлодар қ.

Әскери мамандығы. Сапер. Атағы. Лейтенант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1939 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысына Батыс, Оңтүстік Батыс майдандарының әскерлері құрамында; 3-ші Украин майданының 57-ші армиясы 223-ші атқыштар девизиясының 1037-ші атқыштар полкі құрамында сапер взводы командирі ретінде қатысқан Болгарияны, Венгрияны, Румынияны,Югославияны азат етуге қатысқан.

Еңбек жолы. Павлодар облыстық атқару комитеті төрағасының көмекшісі, Баянауыл, Үрлітүп аудандық атқару комитеттері төрағасының орынбасары, Үрлітүп, Лебяжі, Железин аудандық атқару комитеттерінің төрағасы, Қазақстан Компартиясы Павлодар, Ермак аукомдарының (Павлодар облысы) бірінші хатшысы болып істеген.

Марапаттары. Орден:  Отечественной войны I степени, Красной Звезды; Трудового Красного Знамени, «Знак Пачета» (екеу).