Асқаров Хамит Асқарұлы

1919 (1917) жылдың 30 сәуірінде туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1992 жылдың 20 тамызында қайтыс болған; Павлодар облысы Екібастұз қ.

Атағы. Ефрейтор.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1939 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысына 1-ші Украин майданының әскерлері құрамында; 3-ші Беларус майданының әскерлері құрамында минашы- барлаушы ретінде қатысқан. Латвияны, Литваны, Украинаны, Польшаны, Германияны азат етуге қатысқан.

Еңбек жолы. Құрылыс ұйымдарында прораб, «Западный» разрезі электр шаруашылығының электр монтеры, «Центральный» разрезінің (Павлодар облысы Екібастұз қ) жөндеуден өткізу слесары болып істеген.

Марапаттары. Орден:  Отечественной войны II степени, медальдар: «За отвагу», «За боевые заслуги», «За взятие Кенигсберга», «За победу над Германией в  Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».