Аусағитов Жұпар

1925 жылы 15 желтоқсанда туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы. 1967 жылы қайтыс болған.

Әскери білімі, мамандығы. Тамбов әскери-жаяу әскери училищесі (1943), атқыш.

Атағы. Қатардағы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылдың 25 қаңтарында шақырылған. Әуе-десанттық бригада құрамында соғысқан. 1948 жылдың 18 ақпанында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Құрылыс-құрастыру басқармасының экономисті болып, «Майқайыңалтын» комбинатының (Павлодар облысы Баянауыл ауданының) кәсіподақ комитетінде істеген.

Марапаттары. Медальдар: «За отвагу», «За победу над Германией в  Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», мерейтойлық медальдар. «Двацать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».