Ахметбеков Хамидолла Қариұлы

1922 жылы туған,Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1993 ылдың 3 шілдесінде қайтыс болған, Павлодар облысы Ақсу қ.

Әскери білімі. Оқу батальоны (Челябинск қ. 1942).

Атағы. Қатардағы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 ылы шақырылған. Сталинград майданының 117-ші атқыштар полкі құрамында қызыл әскер ретінде соғысқан. 1943 жылы жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. КСРО Мемлекеттік банкінің Павлодар облыстық бөлімшесі несиелер инспекторы. Қазақстан ЛКЖО Павлодар обкомының әскери бөлімі нұсқаушысы, Қазақстан ЛКЖО Галкин аукомының бірінші хатшысы, Галкин аудандық атқару комитетінің мәдени ағарту жұмысы бөлімі меңгерушісі, Қазақстан К(б)П Ертіс аукомының парткабинеті меңгерушісі, «Ертіс правдасы» Ертіс аудандық газет редакциясының жауапты редакторы, Қазақстан Компартиясы Павлодар обкомының нұсқаушысы, Қазақстан Компартиясы Лозов, Галкин аукомдарының екінші хатшысы, Ермак ауданы Еңбек, Қызылжар толық емес орта мектептерінің директоры, Ермак ауданы кеңшары тресінің мемлекеттік сатып алу жөнінде аға инспекторы, Ермак қалалық халық депутаттары Кеңесінің хатшысы, Ермак аудандық жинақ кассасы меңгерушісі, Ермак аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімі (Павлодар облысы) меңгерушісі болып істеген.

Марапаттары. Медальдар: «За победу над Германией в  Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»,«За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За освобождение целинных земель», «Еңбек ардагері»; мерейтойлық медальдар: «Двацать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок  лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».