1908 жылы Баянауыл ауданының Қызылшілік ауыл кеңесінде (қазіргі Жосалы ауылы) туған. 1937 жылдың мамыр айында Баянауыл ауданының әскери комиссариатымен қызыл әскер қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Моңғолия шекарасында, Қиыр Шығыста артиллерия қатарында майдан қиыншылықтарын көрді. Қиянкескі ұрыстарда 2 рет жарақат та алды. Майданда танытқан ерліктері үшін көптеген орден медальдарымен марапатталынған.
Соғыстан кейінгі жылдары туып-өскен ауылында хатшы қызметін атқарды. Ауылының орман шаруашылығы саласына да еңбек сіңірді.