1913 жылы туған, Павлодар обылысы Баянауыл ауданының тумасы; 1992 жылдың қазанында қайтыс болған, Алматы қ.
Әскери білімі, мамандығы. Тамбов ұшқыштар мектебі (1936), ұшқыш.
Атағы. Капитан.
Жауынгерлік жолы. 1941 жылдан бастап-майданда. Мәскеу ерекше тобы (кейін-Жоғарғы Бас Басқарманың Бас штабы жанындағы 3-ші ерекше міндет жүктелген авияциялық дивизия) құрамында экипаж командирі ретінде соғысқан. Бас штабтың директивалары бар пакетті тағайындалған жерге, әскерлер мен партизандарға жүктерді, оқ-дәрі, донарлық қан жеткізіп отырған, әскери әрекеттер аумағының аэрофототүсірілімін жасап, шайқас аумақтарындағы қарсыластың негізгі күштерінің орналасуы туралы ақпарат инаған. Австрияны, Болгарияны, Польшаны, Румынияны, Чехославакияны, Германияны азат етуге қатысқан.
Жапониямен соғысқа қатысқан.
Еңбек жолы. Қазақстан азамат авияциясының ұшқышы 151-ші көлік авияотрядында, 191-ші көлік авияотрядында (Алматы қ.) жұмыс істеген.
Марапаттары. Ордендер: Октябрьской Революции, Отечественной войны I степени (екеу),Отечественной войны II степени, Красной Звезды (екеу), Трудового Красного Знамени.