Ақышев Кемал Ақышұлы

1923 жылдың 23 мамырында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 2003 жылдың 10 тамызында қайтыс болған, Алматы қ.

Әскери білімі, мамандығы. Самарқанд байланыс әскери училищесі (1943) байланысшы.

Атағы. Қызыл әскер.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылы шақырылған. Оңтүстік майданы 5-ші екпінді армияның 230-шы атқыштар дивизиясы 990-шы атқыштар полкі құрамында байланыс ротасының радиостанция басшысы ретінде соғысқан. Варонежді, Сталинградты, Донбассты, Одессаны, Тирасполды азат етуге. Днестірді кешіп өтуге қатысқан. Жаралануына байланысты 1945 жылдан кеш емес мезгілде әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Ә.Х.Марғұлан жетекшілігімен Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясында, Бегазы кесенесі қазбаларында, А.Н.Бернштам археологы жетекшілігімен Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедицияларында жұмыс істеген; Тың жерлерді игеру аймағындағы Солтүстік Қазақстан, Ақмола археологиялық жұмыстары экспедициясына басшылық жасаған, Қазақ КСР ғылымдар Академиясы Тарих археология және этнография институтының кіші ғылыми қызметкері, архиология бөлімі меңгерушісі, Ә,Х,Марғұлан атындағы архиология институтының бас ғылыми қызметкері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бүкіл әлем тарихы, археология және этнология кафедрасының, археологиялық қалпына келтіру зертханасының меңгерушісі болған; Орталық әне Солтүстік Қазақстан қола, ерте темір дәуірлері ескерткіштерін зерттеумен айналысқан, Ешім станционарлық археология экспедициясын,Ыссықтағы қазбаларды ұйымдастырған.

Тарих ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны II степени, «Құрмет белгісі», «Парасат»: медальдар: «За боевые заслуги», «За победу над Германией в  Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».