«Мен атаммен мақтанамын»

                          

Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына биыл 75 жыл толды!1941 жылдың 22 маусымында басталып, төрт жылға созылған бұл сұрапыл соғыс мәңгілік ел жадында сақталмақ! Талай жастың өмірін қиып, ананың көз жасына қалған, әкені перзентінен айырған бұл жылдар халқымыз үшін ең ауыр, қасірет шектірген кезең болды. Ұлы жеңіске жету үшін қаншама қазақстандықтар, оның ішінде Баянауылдықтар талай ерлік көрсетіп, соғыста және тылда көп еңбек етті. Жеңіске өз үлестерін қосқан мыңдаған жерлестеріміз ордендермен , медальдермен марапатталған. Бұл қанды майданда, намыс үшін, келешегі үшін, ғұмырларын қиғандардың есімдері ел есінде мәңгі болмақ!
ҰОС жеңісіне 75 жыл толуына орай барлық ауыл кітапханаларында «Мен атаммен мақтанамын» атты онлайн видео ой – толғаулар топтамасын ұйымдастырды. Әр оқырман өзінің атасының ерліктері жайлы баяндап, марапаттары туралы айтып, өлеңдер оқыды.