«Аққан жұлдыз»

Аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлтының ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 185 жыл толуына орай «Аққан жұлдыз» онлайн бейнеролигі оқырмандар назарына ұсынылды.

Әлемдік ғылыми ортада бір ауыздан мойындалатын ғалымдар аз емес. Санаулы ғана, сол санаулылар ортасында бірегей тұлғаның бірі қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов деп білеміз.

Мақсаты: Шығыстың жарық жұлдызы Шоқан Уәлихановтың өмірі, шығармашылығымен таныстыра отырып оқырмандардың бойында туған еліне,  жеріне және халқына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.