Балықбаев Бекен

1922 жылдң 7 қарашасында Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген.

Әскери білімі. Алматы әскери – жаяу әскер (атқыш  – пулеметті)училищесі(1941).

Атағы. Қатардағы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА – ға 1941 жылдың 15 шілдесінде шақырылған. И.В.Панфилов ат. 8 – ші гвардиялық дивизия құрамында соғысқан.

1942 жылдың соңында жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облыстық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде меңгерушінің орынбасары, Павлодар атқару комитетіндегі мобилизация бөлімінде меңгерушінің орынбасары, Павлодар облыстық ХББ (облоно) кадрлар меңгерушісі, Павлодар облысы Ертіс аудандық тұтынушылар одағының бухгалтер – ревизоры, Павлодар облыстық комитетінде жергілікті өнеркәсіп кәсіподағының төрағасы болып істеген.