Башаров Шайым

1912 жылдың желтоқсанында Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген.

Атағы. Лейтенант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА – ға 1941 жылы шақырылған. 94 – ші жеке атқыштар бригадасы 2 – ші батальон құрамында взвод командирі; 2 – ші армияның 118 – ші танкілік бригадасы; 57 – ші армияның 19 – шы дивизиясының 315 – ші атқыштар полкі; 104 – ші атқыштар дивизиясы 217 – ші атқыштар полкі құрамында взводының командиріретінде (Сталинград, Калинин, 3 – ші Украин майдандары) соғысқан. Сталинградты қорғауға , Болгарияны, Венгрияны, Румынияны, Югославияны азат етуге қатысқан. 1945 жылы қазанда әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Майқайың алтын комбинаты азық – түлікпен қамсыздандыру бақылау – есептік бюросы басшысы, Майқайың алтын комбинаты кен комитетінің төрағасы, Павлодар облыстық «Қызыл Ту» газетінің Павлодар облысы Куйбышев ауданы бойынша меншікті тілшісі, Павлодар облысы Куйбышев аудандық газетінің жауапты хатшысы болып істеген.

Марапаттары. Ордендер: «Отечественной войны І степени», «Отечественной войны ІІ степени», «Красной Звезды», медальдар: «За оборону Сталинграда», «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 гг.».