Бейсембаев Құлхан Нұрмұхметұлы

1917 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген 1992 жылдың 17 тамызында Павлодар облысы Екібастұз қаласында қайтыс болған.

Әскери білімі, мамандығы. И.Сталин ат. Москва әскери механикаландыру және моторландыру академиясы (Москва қ.1941); танк технигі.

Атағы. Гвардия аға техник – лейтенанты.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА – ға 1941 жылы шақырылған. 11 – ші танкілік батальоны құрамында (Воронеж, 1 – ші Белорус майдандары) танк технигі, жөндеу взводының командирі, рота командирінің техникалық бөлім бойынша орынбасары ретінде соғысқан. Висла, Одер өзендеріне өтуге, Польшаны азат етуге, Берлинді алуға қатысқан. 1946 жылдың 24 тамызында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Алтын шығару зауытының аға фильтрлеушісі, партия бюросының хатшысы, Павлодар облысы Екібастұз ауданы «Төрт құдық» кеншінің  ЕҒҰ инженер – ұйымдастырушысы болып істеген.

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны І степени, Красной звезды; медальдар: «За освобождение Варшавы», «За взятие Берлина», «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 гг.», «Еңбек ардагері»; мерейтойлық медальдар: «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной  1941 – 1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной  1941 – 1945 гг.», «25 лет Победы в Великой Отечественной войне».