Бейсенов Нажмиден  Башерденұлы

 1909 жылдың  қарашасында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Атағы. Кіші лейтенант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың науырызында шақырылған. Сталинград майданының әскрлері құқрамында взвод командирі ретінде соғысқан. 1943 жылы жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Павлодар аудандық атқару комитетінің сауда бөлімінің меңгерушісі, төрағасының орынбасары, Павлодар облысы Каганович аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Қазақ  КСР дайындау Халық комисссариатының Павлодар облысы бойынша Уәкілінің кадрлар бойынша көмекшісі болып жұмыс  істеген.