Бектұрсынов Онберген

1924 жылы Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1942 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылды. 1942 жылы қазан айында Пенза қаласында артиллерия училищеде оқуға жіберіледі. Осы училищеде үздік оқыған қаһарман жауынгер соғыста асқан ерлігімен көзге түседі. Өшпес ерлігі үшін «Ұлы Отан соғысының І, ІІ дәрежелі» ордендерімен марапатталады.

Соғыстан оралған соң 34 жыл құқық қорғау саласында еңбек етті. Қашанда табандылықты, жауапкершілікті серік етіп ұстады. Милиция полковниі О.Бектұрсынов бейбіт өмірдегі еңбек үшін талай рет марапатталды.

Майқайың кентінде милиция бөлімшесінің басшысы ретінде жоғары деңгейде еңбек етіп, көптеген қылмыстардың ашылуына мұрындық болды. Еңбек ардагері полковник шенінде зейнетке шықты.