Бисмилдинов Жылқыбай

1920 жылдың 2 қаңтарында Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниген келген.

1983 жылы қайтыс болған.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА – ға 1940 жылдың қазанында шақырылған. Ұлы Отан соғысына 159 – шы атқыштар полкі құрамында атқыш ретінде қатысқан. 1941 жылдың тамызынан бастап Германияда тұтқында болған; 1945 жылдың мамырында кеңестік әскерлер босатылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысының «Майқайыналтын» басқармасында слесарь, Павлодар облшысы Баянауыл ауданының «Бірлік» кеңшарында малшы болып істеген.

Марапаттары. Медаль: «Еңбек ардагері»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 гг.».