Боканов Хамит

1907 жылы Баянауыл ауданы, Жаңатілек ауылының Мұрынтал бөлімшесінде дүниеге келген. 1930 жылы Омбы қаласында есепшілік бөлімшесін тәмамдап «Майқайыңалтын» кен орнында фабрикада есепші болып соғыс басталғанша қызмет істеген. Сол жерден соғысқа аттанған. Майданда танытқан ерлігі үшін I және II дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен және өзге медальдармен марапатталған. Елге оралған соң Екібастұз қаласында есепші қызметін 1968 жылға дейін атқарады. Сол жылы зейнетке шықты. 1968 жылдан 1988 жылға дейін туған жеріне келіп комендант болып жұмыс атқарады. Майдангер 1996 жылы дүниеден өтті.