Букетов Кәрібай Шәкенұлы

1920 жылдың 19 желтоқсанында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Әскери мамандығы. Артиллерист, зеңбірек нысаншысы.

Атағы. Аға сержант.

Жауынегерлік жолы. ЖШҚА-ға 1940 жылдың қазанынан кеш емес мезгілде шақырылған. Ұлы Отан соғысына  Оңтүстік-Батыс майданы, 26-шы аримя 56-шы жеке бронды пойыз құрамында артиллерист; IIXK  әскерлері армиясы 14-ші, 24-ші, 25-ші бронды пойыз дивизиясы құрамында зеңбірек нысаншысы ретінде соғысқан. Украина аймағы шайқастарына қатысқан. 1946 жылдың жетоқсанында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облыстық мәдени ағарту жұмыс бөлімінде  нұсқаушы, ДОСААФ Павлодар облыстық  комитетінің жауапты хатшысы  және арнайы  бөлім меңгерушісі, Қазақстан Компартиясы Павлодар облыстық  комитеті кеншар шаруашылық бөлімінің бірінші хатшысының көмекшісі, нұсқаушысы болған, Павлодар облыстық комитеті ауыл шаруашылық және дайындау жұмысшылары одағында жұмыс істген.

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны II степени, Красной Звезды; медальдар: «За оборону Киева»,  «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.».