1916 жылы Павлолдар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. 2000 жылдың 24 ақпанында Алматы қаласында қайтыс болған.
Атағы. Майор.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА – ға 1935 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысына Дон майданы 24 – ші армияның 207 – ші атқыштар дивизиясы құрамында ІІХК айрықша бөлімінде тергеуші, 65 – ші армияның 18 – ші зенит дивизиясы құрамында ІІХК айрықша бөлімінде тергеуші, 216 – шы атқыштар дивизиясы құрамында «СМЕРШ» қарсы барлау бөлімінде аға тергеуші ретінде қатысқан.
Орталық, Солтүстік – Батыс, Сталинград, Оңтүстік, 4 – ші Украина, 1 – Балтықбойы майдандары әскерлері құрамында соғысқан. Кенисбергті, Варшаваны азат етуге қатысқан. 1946 жылы әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі (МҚМ), Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (МҚК) әскерлер кадрларында әскери қызметте болған;
Қазақ кәсіподақ Кеңесінің маманы болып істеген.
Мрапаттары. Ордендер: Отечественной войны ІІ степени, Красной Звезды; медальдар: «За отвагу», «За боевые заслуги» (екеу), «За оборону Сталинграда».