Бірәлин Жантемір (Жантемир) Жұлдызбайұлы

1913 жылдың 10 ақпанында туған, Семей губерниясы Павлодар уезі Баянауыл болысы; 2001 жылдың 14 сәуірінде қайтыс болған, Павлодар облысы Екібастұз қ.

Әскери мамандығы. Барлаушы.

Атағы. Қатардағы жауынгер.

Жауынгерлік жолы. ьЖШҚА-ға 1943 жылдың 28 қыркүйегінде шақырылған. 199-шы жеке жеңіл-артиллерия бригадасының 202-ші гвардиялық жеңіл-артиллерия полкі құрамында 2-ші батареядағы 75 мм зеңбіректің зеңбірекшісі ретінде соғысқан. (1-ші, 4-ші Украин, 3-ші Белорус майдандары).

Еңбек жолы. Аудандық тұтынушылар одағы базасында меңгеруші (Павлодар облысы Май ауданы Майск а.), Павлодар облысы Каганович ауданы бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің агенті, «Иртышугольстрой» тресінің пайдалану басқармасында  №2, №3 құрылыс-монтаж басқармасында қоймашы (Павлодар облысы  Екібастұз қ.),  «Иртышугольстрой» тресі темір-бетон бұйымдары зауытының жабдықтау бөлімінде қойма меңгеруші, тауартанушы, жабдықтау бөлімінде басшы болып істеген (Павлодар облысы  Екібастұз қ.).

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны II степени, Красной Звезды, «Құрмет»; медальдар: «За взятие Берлина», «Ветеран труда», мерейтойлық медальдар:  «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», Маршала Советского Союза Жукова Г.К.; белгілері «25 лет победы в Великой Отечественной войне», «Ветеран войны 1941-1945 гг.».