Бұхабаев Құлмағанбет 

1911 жылы Бянауыл ауданында дүниеге келген.

1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, 1943 жылы соғыстан оралған.

Украина майданына қатысқан. Қатардағы жауынгер.

Соғыстан елге оралған соң ауыл шаруашылығында көп жылдар бойы қызмет істеді. Совхозда көп жылдар бойы мал баққан.

Баянауыл кеншарында жылқы бағып, мал басын көбейтуге өз үлесін қосты.

1982 жылы дүниеден өтті.

Марапаттары. Мерейтойлық  медальдар «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».