1926 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылының тумасы. 1987 жылы қайтыс болған.
Әскери білімі. Атқыштардың 3 айлық курсы (Алматы қ. 1944)
Атағы. Қатардағы.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1944 жылдың ақпанында шақырылған. 1-ші Белорус майданы әскерлерінің құрамында соғысқан. Кёнигсбергті, Берлинді алуға қатысқан. 1950 жылдың маусымында әскерден босатылған.
Еңбек жолы. «Майқайың алтын комбинаты» шахтасында, Майқайың кентінің құрылыс-құрастыру мекемелерінде (Павлодар облысының Баянауыл ауданы) істеген.
Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны II степени, Трудового Красного Знамени; медальдар: «За взятие Кёнигсберга», «За взятие Берлина», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг», «Еңбек ардагері».