Әбенов Зәпыш

1901 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы, 1981 жылдың қарашасында қайтыс болған.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың маусымында шақырылған. Украинаны, Польшаны азат етуге, Берлинді шабуылдап алуға қатысқан.

Еңбек жолы. Автошаруашылық диспечері, Екібастұз ауданы «Екібастұз» кеңшарында, Баянауыл ауданы «Майкаинзолото» комбинатында бақылаушы болып істеген (Павлодар облысы).

Марапаттары. Медальдар: «За освобождение Варшавы», «За взятие Берлина», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг», «Еңбек ардагері».