Әбжанов Мұқаш

1918 жылдың 10 наурызында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Әскери білімі. Офицерлік құрамның 29-шы оқу артиллериялық полкі (РКФСР Горький облысы Быкса қ. 1945).

Атағы. Лейтенант.

Жауынгерлік жолы.  ЖШҚА-ға 1939 жылдың қазанында шақырылған. Батыс майданы Бас қолбасшылығы Резервіндегі 544-ші қуаттылығы зор гаубицалық артилериялық полктің құрамында 3-ші батарея атыс взводының командирі, 3-ші Белорус майданы Бас қолбасшылығы Резервіндегі 117-ші қуаттылығы зор гаубицалық артилериялық бригаданың құрамында 12-ші батарея атыс взводының командирі ретінде Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ржев қ. үшін, Москва түбіндегі шайқастарға, Белоруссияны, Шығыс Пруссияны азат етуге қатысқан. 1946 жылдың қарашасында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Каганович ауданы «Жолқұдық» кеңшарының партбюро хатшысы, Куйбышев ауданы «Чкалов» кеңшарының партбюро хатшысы, Қазақстан Компартиясы Павлодар обкомы ауылшаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы, Куйбышев ауданы «Екібастұз» кеңшарының директоры болып істеген (Павлодар облысы).

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войне I степени, Отечественной войны II степени, Красной Звезды; медальдар: «За оборону Москвы», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг».